#qyzylordatv

Сырдарияда су көлемі жылдағыдан аз. Дегенмен мұз еріп, сең жүретін кезде қауіпсіздік шараларына баса мән берген абзал. Себебі, облыс аумағында 31 қауіпті учаске бар.

Мамандардың сөзінше, дария бойындағы қауіпті аумақтар қатаң бақылауда. Қорғаныс бөгеттері нығайтылған. Қазір облыс аумағына секундына 106 текше метр су келуде. Қызылорда қаласынан Арал ауданына дейін мұз қатып тұр. Мұздың қалыңдығы оңтүстік аумақта 5 сантиметр болса, Арал, Қазалы аудандарында 20-25 сантимерге дейін жетеді. Қазгидрометтің мәліметі бойынша ақпанның аяғы мен наурыздың басында мұз көбесі сөгіліп, сең жүре бастайды. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қор жеткілікті, қабылдау-эвакуациялау пункттер дайын.

 АСХАТ ОРАЗБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ

Қазіргі таңда қысқы, көктемді су тасқынының алдын алу бағытында ТЖД –мен 123 адам, 23 техника, 6 жүзу құралы, 33 мотопомпа дайындыққа келтірілді. Су жырып кету жағдайлары орын алған кезде қауіпті учаскеде тұратын халықтарды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларды қабылдау пунктары да дайындыққа келтірілген\

Дария жағдайы, көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары туралы «Жаңалықтар» шығарылымынан соң Анықтаймс хабарында айтамыз. Студия қонағы облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Асхат Оразбеков.