Облыс орталығында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» атты өңірлік коалициясы мүшелері зиялық қауым өкілдері және еңбек ұжымдарымен кездесті. Жиында жұмыс тобы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәнін түсіндірді.

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада өткен кездесуге қалалық коалиция жетекшісі мен Парламент Сенатының депутаттары қатысты. Кездесу барысында Әли Бектаев баяндама жасап, Конституция жобасының мазмұнына тоқталды. Ол жаңа құжаттың заман талабына сай әзірленгенін атап өтті. Ал, жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

ӘЛИ БЕКТАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

//Қызылордада былайша айтқан кезде көкірегі ояу, көзіқарақты халық тұрады. Барлығы жарияланған Конституциямен таныс. Халықтың көзінде де, сөзінде де үлкен үміт бар. Өте үлкен қолдауды байқадық. Жалпы Конституцияның еліміздің болашағы үшін өте үлкен маңызды негізгі Ата Заң болатындығын айтып отыр.//

Мұнан соң қалалық коалиция мүшелері «Қарттар үйінде» болып, ондағы еңбек ұжымы мен ем алушыларды Ата Заңға енетін өзгерістер туралы құлақтандырды. Жиында түсіндіру тобы әлеуметтік, денсаулық, мәдениет саласындағы өзгерістерге терең тоқталды. Жаңа құжатта кәмелет жасына толған азаматтар өзінің ата-анасына қамқорлық жасау мәселесі айқын көрсетілген, деді Гүлшат Мұсаева.

ГҮЛШАТ МҰСАЕВА - ҚАЛАЛЫҚ КОАЛИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

//Ғылым, білім, инновация, мәдениет, адами капиталды дамыту, сонымен қатар біздің егемендігіміз, Тәуелсіздігімізбен аумақтық біртұтастығымыздың сақталуы, бұл мызғымас құндылықтар қатарына жатуы. Онан кейін өскелең ұрпақтың тәрибесі, ұлыттық құндылықтардың сақталуы, осылардың барлығын айтып түсіндіріп отырмыз. 27-31 баптарда осы білім, мәдениет, денсауылық салаларына, яғни әлеуметтік салаларға көңіл бөлінген. Соның ішінде бір ерекшелігі өз қолы өз аузына жетіп, өзі еңбек нәпақасын тапқаннан кейін балалар кәмелетке толғаннан кейін өздерінің ата-анасына қартайған кезінде соларға көмек көрсету, оларға қарау мәселесі, әлеуметтік төлемдердің кепілдендірілуі және денсаулық саласындағы қандай қызметтер көрсетіледі, оған қандай кепілдіктер беріліп отыр осы мәселелердің барлығы талқыланды. //

Жиын соңы еркін форматтағы пікір алмасуға ұласты. Көпшілік көкейдегі сауалдарын қойып, жаңа жобаның маңызды тұстарын ортаға салды. Мұндай ашық диалогтар халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, ортақ мақсатқа жұмылдыруды көздейді.