Бүгін Парламент Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері облыс әкімдігінде бас қосты. Мұндағы мақсат - қоршаған ортаны қорғау, экологияны жақсарту мәселелерін талқылау.

Қызылордада қорытындыланған Ұлттық құрылтайдың 5-отырысында Президент «Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет» деді. Бұл бағытта әрине, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Салыстыра айтар болсақ, 2022 жылдың қазан айында Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 18 млрд 500 млн текше метрге дейін азайған болса, бүгінде ол 22 млрд 900 млн текше метрге жетті. Қазір Көкарал бөгетін биіктету қолға алынуда.

Айта кету керек, осы жұмыс тобы және Аэроғарыш комитетінің төрағасы күні кеше Байқоңыр қаласында болып, тұрғындармен кездесулер өткізіп, жұлдызды қалашықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Құзырлы өкілдер әрбір қойылған сұрақ, айтылған барлық пікірлер назарға алынып, олар бойынша тиісті шешімдер шығаруға құзырлы министрліктерге ұсынылады деді.