#qyzylordatv
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы талқыланды. Жиынға мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, Әдеп жөніндегі уәкілдер мен жастар қатысты.
Маңызды құжаттың мазмұнына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салған көпшілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасының тиімді тұстарын атап өтті. Тұжырымдаға енгізетін өзгерістерді кез-келген азамат арнайы белгіленген электрондық поштаға немесе агенттіктердің аймақтағы өкілдіктеріне жеткізу арқылы жолдауына болады. Кездесу барысында департамент басшысы Ерлеген Мендалиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндап, стратегиялық құжаттың мерзімі аяқталуына орай әзірленіп жатқан жаңа тұжырымдаманы түсіндірді. Ал мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Ақзада Мадалиева мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне тоқталып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігі кадрларды тұрақты түрде қайта даярлау және оқыту курстарымен тікелей байланысты екенін атап өтті.
ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Ағымдағы жылы 2022 - 2026 жылдары арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру тұжырымдамасы анықталатын болады. Осыған орай агенттік бүгінгі таңда жаңа концепцияның жобасын әзірлеуге кірісті. Бүгінгі өткізіп отырған бас қосуымыз жаңа тұжырымдаманы талқылау. Бүгінгі кездесуге мемлекет органдарының басшылары,үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,жас буын өкілдері,академиялық қауымдастық өкілдері қатысып осы тұжырымдаманы талқылауда. Бүгінгі таңда біздің агенттіктің ресми парақшасында арнайы хабарландыру енгіздік. Осы тұжырымдамаға енгізілуге жататын жақсы ұсынастар болса, кез келген тұрғын өздерінің ұсыныстарын электронды почтаға жолдауға мүмкіндіктері бар