#qyzylordatv

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Kyzylorda Refinery» мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Өңірде мұнай өңдеу саласы қарқын алып келеді. Соңғы жарты жылда 9,5 мың тонна мұнай өнімі өндірілген.

 «Kyzylorda Refinery» зауыты 2000 жылы құрылып, 2009 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында мазут, пеш отыны және жеңіл дистиллят өндіріледі. Жылдық жобалық қуаты – 100 мың тонна, ал қазіргі өндіріс көлемі шамамен 50 мың тоннаны құрайды. Өнімдер ішкі нарықпен қатар Қырғызстан мен Ресейге жөнелтіліп жатыр. Бүгінде зауытта 95 адам еңбек етеді.

    Қазіргі таңда кәсіпорында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы жоспар - нафта, керосин және өзге де отын түрлерін шығару. Сонымен қатар, құны 22,9 млрд теңгені құрайтын К5 экологиялық класты мотор отынын өндіру жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр.

АЙДЫН ОЛЖАБАЙ, «KYZYLORDA REFINERY» ЖШС ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Қазіргі уақытта өндірісті жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Негізгі бағыт – өнім түрлерін көбейту және қуаттылықты арттыру. Қазір шамамен 15 мың тонна көлемінде өнім шығарылуда. Болашақта жылдық көрсеткішті 100 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.