#qyzylordatv

Қалалық мәдени және демалыс паркі жаңа маусымын бастады. Осыған орай саябақта қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік шара ұйымдастырылды.

 Қалалық мәдени және демалыс паркі өткен жылы «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өтіп, тұрғындардың жайлы демалыс орнына айналды. Қазір мұнда ересектер мен балаларға арналған жиырмаға жуық аттракцион жұмыс істейді. Әдемі субұрқақтар мен қызылды-жасылды гүлдер жанға жайлылық, көңілге қуаныш сыйлауда.

 Саябақта әр мереке сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ашық аспан астында концерттік бағдарламалар қойылады. Мұнан бөлек шығармашылықпен, спортпен айналысатын жастар үшінде жақсы жағдай жасалған. Қылқалам шеберлері туған жердің көрікті жерлерін қағазға түсіріп, ерекше шабыт алады.