#qyzylordatv

Иммундау апталығы аясында №6 қалалық емханада ашық есік күні ұйымдастырылды.

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын әлемде дифтерия, сіреспе және көкжөтелге қарсы 100 млннан астам балаға екпе салынады. Нәтижесінде, бұл ауру түрлерінен өлім-жітім едәуір азайған. Сондықтан екпе алу инфекциялық аурулардың алдын алу үшін жүргізілетін тиімді әдіс, дейді мамандар. Жалпы қазіргі таңда республикалық бюджет есебінен 21 инфекциялық және паразиттік ауруларға екпе салынады.

Айта кетейік, иммундау апталығында облыс бойынша 215 екпе кабинеті ұйымдастырылса, шалғайда орналасқан елді мекендерде егу жұмыстарын жүргізу үшін 44 жылжымалы бригада жұмыс істеді.