#qyzylordatv
Татулық пен тұрақтылықтың, береке мен бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі Қазалы ауданында да сән салтанатымен аталып өтті.
Тамыры терең, тарихы кенен Қазалы жерінде бүгінде орыс, корей, татар, өзбек, украин, башқұрт, грек, қырғыз, түрікмен, неміс сияқты оннан астам этнос өкілі тұрады. Олар әлеуметтік, шаруашылық, өндіріс салаларында еңбек етіп, аудан экономикасының дамуына үлес қосуда. Мерекелік шарада татулықты ту етіп, достықты дәріптеп жүрген бірқатар азамат облыс, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Орталық алаңда концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көпшілік назарына әр ұлттың тағамдары ұсынылды, салт-дәстүр көрініс тапты. Шара соңында татулық пен бірліктің символына айналған ақ көгершіндер аспанға ұшырылды.