#qyzylordatv
Жаңақорған ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бірлік. Достық. Татулық» атты мәдени-көпшілік іс-шара өтті.
Шара барысында көпшілік назарына «Достықтың дархан даласы» атты композициялық пролог ұсынылды. Аудан өнерпаздары бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің тұтастығын айқындайтын көрініс қойып, достық пен татулықты дәріптеді. Мерекелік жиында ауданның өсіп өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген бірқатар сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Әр ұлттың ұлттық әндері шырқалып, бишілер шара көрігін кіргізді.
НҰРҒАЗЫ ҚАЗАҚБАЙ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Бұл мереке еліміздегі 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілінің достығы мен бірлігінің белгісі. Жаңақорған ауданында бұл мереке биыл үлкен көлемде орталық алаңда аталып өтіп жатыр. Еліміз аман, жүртымыз тыныш болсын
ШАТАРАТ ИЗАТОВА, ТҮРІК ҰЛТЫНЫҢ ӨКІЛІ
Қырық жылдан бері Қазақстан елінде келін болып түскем. Медсестра болып балабақшада жұмыс істеймін. Мереке құтты болсын, деніміз сау болсын