#qyzylordatv
Жеңіс күні қарсаңында сырбойылық майдангер туралы тың деректер архив құжаттарынан табылды. Тереңөзектің тумасы Зейнан Абдуллаевтың соғысқа қатысқанын растайтын құжаттарды ұрпақтары ұзақ іздепті.
Орталық архивтен алынған анықтамаға сәйкес, 1916 жылы дүниеге келген Зейнан Абдуллаев 1943 жылы 86-атқыштар полкінің құрамында кіші лейтенант қызметіне тағайындалған. Құжатта оның 180-атқыштар дивизиясының сапында майданда болғаны көрсетілген. Алайда, соғыстан кейін оның есімі ардагерлер тізімінде кеңінен аталмай, ерлігі көмескі күйде қалған. Бүгінде майдангердің қызы әкесінің ел үшін соғысқанын дәлелдейтін құжаттарды жинап, тарихи әділдік орнағанын қалайтынын жеткізді.