#qyzylordatv

Байқоңыр қаласында Отан қорғаушылар күні сән-салтанатпен аталып өтті. Мерекелік шарада ел тыныштығын күзететін қызметкерлер марапатталды.

Байқоңырлық құқық қорғаушылар адал қызмет ету жолында осалдық танытып жүрген жоқ. Еліміздің қалқаны болып саналатын қарулы күштер жұлдызды қалашықтың тыныштығы үшін қалтқысыз қызмет етуде. Сондықтан қайсар мінезді құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетілуі заңдылық.