#qyzylordatv

Жалағаш ауданында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні аталып өтті. Салтанатты жиын ерлік пен елдікке -тағзым, Отанға адал қызмет еткен азаматтарға - құрмет. Мерекелік шараға аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, өрісті өлке тұрғындарын қос мерекемен құттықтады.

Сарбаз болып сапқа тұрған, ел қорғаны болған азаматтарымыздың ерлігі мен қайсарлығы қашанда құрметке лайық. Салтанатты жиында тыл және еңбек ардагерлері, сондай-ақ түрлі салада абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар азамат марапатталды.

Мерекелік шара театрландырылған қойылыммен жалғасып, көрермендер назарына соғыс жылдарының ауыр кезеңдерін бейнелейтін сахналық көріністер ұсынылды. Сонымен қатар, патриоттық рухты көтеретін әндер шырқалып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.