#qyzylordatv
Тасбөгет кентінде орналасқан Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінде де соңғы қоңырау соғылды.
Кеше ғана тұлымшағы желбіреп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздар үшін бұл күннің маңызы зор. Тарыдай болып табалдырық аттаған олар бүгін үлкен өмірге алғашқы қадам басқалы отыр.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Қаюпов бітіру кешіне арнайы қатысып, түлектерге ақ жол тіледі. Биыл 108 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, қияға қанат қақты. Оның 6-ы алтын белгіге ұсынылса, 14-і үздік аттестат алады деп күтілуде. Салтанатты шарада оқуда озат болған оқушылар марапат төрінен көрінді.
Мектеп қабырғасынан алған сапалы білім мен саналы тәрбие жарқын болашақтың негізі. Мерейлі мезетте мектептің ең алғашқы түлектері есті естеліктермен бөлісіп, жастарға ақжолтай тілегін арнады.
Осылайша, жас түлектер бір белесті артқа тастап, үлкен өмірге қадам жасады.