#qyzylordatv
Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар білім ордасында мектеп бітіру кеші өтті. Биыл бұл мектеп 300 түлегін ұядан ұшырып отыр.
Ұлы Абайдың есімі берілген білім ордасы жеткен жетістік аз емес. Биыл 300 түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, қияға қанат қақты. Оның 34-і «Алтын белгіге», 50-і «Үздік аттестатқа» үміткер.Бір қуанарлығы, шет мемлекеттің грантын иеленіп, арнайы шақырту алған түлектер де бар.
АЙГҮЛ ӨТКЕЛБАЕВА - АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СЫНЫПТАРЫ БАР МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Биылғы жылы балаларымыздың арасында халықаралық IELTS тіл білімі емтиханын тапсырып, 46 оқушы жолдама алып отыр. Сондықтан бітірушілердің нәтижесі мектептің үлкен жетістігі деп айтуға болады. Ол біздің ұстаздар қауымының, ұжымның және ата-аналардың үлесі, еңбегінің арқасында жеткен нәтиже.
Мектеппен қоштасу кешінде түлектер білім мен тәрбие берген ардақты ұстаздарына алғысын білдіріп, өнерлерін ортаға салды.
БОТАКӨЗ ЖАЛҒАСБЕК – ЖАС ТҮЛЕК
Мұғалімдерге көп рақмет айтамын. Қаншама еңбек. Бізге көп көмектесті. Қаншама қолдау. Осы біздің бітіріп жатқанымыз олардың арқасы
Ата-ана жаңа өмірге жолдама алған баласынан көп үміт күтетіні анық. Немересінің қуанышты сәтін көруге келген қала тұрғыны Жалғасбек Үмбетов үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге ақжолтай тілегін арнады.
ЖАЛҒАСБЕК ҮМБЕТОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Жас түлектердің балалық шағын аяқтап, үлкен өмірге аяқ басып жатқан уақыты. Өте қуанышты күн. Немереміз осы мектепті аяқтап, озат атанып жатыр. Түлектерге тілейтінім, //таңдаған мамандықтары берекелі болсын. Әр салада биіктен көрінсін.
Мектеп бітіру - түлектер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше сәт. Алда оларды жауапты таңдау, үлкен өмірдің жаңа белесі күтіп тұр.