#qyzylordatv

Пробациялық есепте тұратындарды қоғамға бейімдеуде спорт үлкен роль атқарады. Қалалық прокуратура осы ретте бірнеше іс шараға ұйытқы болып келеді.

 Иә, бұл әдеттегіден өзгеше футбол турнирі болды. Пробациялық бақылау қызметінде тіркеуде тұрғандар мен жазасын өтеп шыққандардың құрама командалары жасыл алаңда кездесті. Былғары доп қуған әуесқой футболшылар спорттан құралақан еместігін көрсетті.

Тағдырында сүрініп кеткендер, ендігәрі бүлінбеуді ойлайды және спорттық шараға қуана қатысып жатқанын айтады. Пробациялық тіркеуде тұрғандар мұндай іс шараның денсаулыққа ғана емес, қоғамға керек екеніңді сезіне түсуің үшін де маңызды дейді.