#qyzylordatv

«Мұз айдыны» спорт кешенінде баскетболдан 3х3 форматындағы «Жылдам үзіліс» облыстық мектеп лигасының ақтық ойыны өтті.

 Мектеп оқушыларының арасындағы тартысты бәсекеге облыс бойынша отызға жуық команда қатысқан болатын. Солардың арасынан 12 ұлдар және 8 қыздар командасы іріктеліп, ақтық кезеңде өнер көрсетті. Жылдамдық пен ептілікті қажет ететін 3х3 форматындағы баскетбол ойынында жаңақорғандық жігіттер мен Қызылорда командасы қарсылас атанды. Нәтижесінде Жаңақорған ауданындағы № 163 мектеп оқушылары көп ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Ал, қыздар арасында Жәлел Қизатов атындағы № 23 мектеп-лицей командасы үздік шықты. Шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет пен Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

 МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Облыста спортты дамытуға байланысты ғимараттар салынуда. Бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізеді....

 Облыстық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы кубок пен медаль табысталды. Айта кету керек, бүгінде өңірде 46 мыңға жуық тұрғын баскетболмен шұғылданады. Облыстың командасы ел чемпионаттарында үздік үштіктің қатарынан көрініп келеді. Сондай-ақ қызылордалық 6 спортшы ұлттық құрама команданың сапында өнер көрсетеді.

ЕРКІН ЖЕТПІСБАЙҰЛЫ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Спортшылардың қызығушылығы артуда. 7- 8-9 сынып оқушылары қатысты, яғни 2010-2012 жылғы балдар. Тартысты өтіп жатқан себебі іріктеліп, үлкен республикалық деңгейдегі жарысқа қатысады....