#qyzylordatv

Сыр елінде жастар арасында «AMANAT CUP» республикалық жайдарман фестивалі өтті. Шараның басты мақсаты – мемлекет басшысының бастамасы «Заң мен тәртіп» қағидатын жастар арасында кеңінен насихаттап, құқықтық мәдениетті арттыру.

 Фестивальге еліміздің әр өңірінен 12 команда қатысып, сахнада өз өнерлерін ортаға салды. Командалар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл мен сахналық қойылым арқылы көтеріп, заңға құрмет, қоғамдық тәртіп және азаматтық жауапкершілікті шығармашылық форматта жеткізді.

Кеш барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттіліктің негізгі тірегі ретінде кеңінен дәріптелді. Фестиваль жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

 Фестиваль қорытындысы бойынша үздік командалар анықталды. Нәтижесінде ІІІ орынды Қызылорда құрамасы, ІІ орынды Астана құрамасы иеленсе, бас жүлде Ақтөбеден келген «Sweet» командасына бұйырды.

 Сонымен қатар, «Үздік ойыншы» номинациясы Қарақалпақстаннан келген «Алмаз» командасының ойыншысы Мұрат Бакировке табысталды. Фестиваль соңында барлық қатысушы командалар алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің арнайы алғыс хаты табысталды.