#qyzylordatv
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мамандары болашақ қаржыгерлермен кездесті. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеттінде білім алып жүрген студенттерге кәсіби тұрғыда бағыт-бағдар берілді.
Қаржы министрлігіне қарасты департамент өкілдері жастарға жұмысқа орналасу тәртібі мен мемлекеттік қызметкерлер үшін қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер туралы жан-жақты мәлімет берді. Департамент басшылары жас маманның бастапқы еңбекақысынан бастап, мансаптық өсу сатыларына дейінгі табыс деңгейін түсіндірді. Бұл студенттерге болашақ бағытын айқындауға септігін тигізетін маңызды ақпарат. Қаржы саласының қыр-сырына қаныққан білім алушылар бұл кездесудің кәсіби жол таңдауда бағыт-бағдар беретініне сенімді.
МАДИНА МӘЛІК - СТУДЕНТ Бүгінгі ісшара бізге ауқымды ақпарат берді деп айта аламын. Мемлекеттік аудит болу үшін біз қандай категорияларға сай болуымыз қажет. Болашақ қаржыгер, соның ішінде аудандық, қалалық қандай жалақы алады? Әсіресе қазіргі таңда жастардың ойындағы сұрақ ғой. Осы сұраққа да жауап алдық. Сонымен қатар мемлекеттік мүліктік және жекешелендіру секілді көптеген ақпараттар беріп өтті. Соның ішінде тәркілеу деген секілді жаңа ақпарат алдық деп айта аламын. Бұл жиынның келешекте бізге пайдасы тиеді.