#qyzylordatv

Өңірде синтетикалық есірткіні тарату мен жастарды интернет арқылы есірткі саудасына тартуға қарсы күресуді көздейтін бір айлық акция басталды. Осыған орай «Болашақ» университетінде жиын өтіп, білім алушыларға іс-шараның мән-маңызы түсіндірілді.

 Қазір жасөспірімдер мен студенттерге ең көп қауіп төндіріп отырған дәл осы синтетикалық заттар және оларды тарататын негізгі арналар — анонимді интернет-дүкендер, мессенджер мен «жасырын қойма» жүйесі болып отыр. Бір айға жалғасатын акцияның мақсаты - жастар арасында есірткі заттарына деген теріс көзқарасты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Өкінішке қарай, соңғы жылдары синтетикалық есірткіні әр жерге жасырып жүрген курьерлердің көбі жастар. Оның ішінде студенттер де бар.

ТЕМІРХАН АХМЕТ – ОПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Наркоскрингтен өткізу деген ол қанда есірткі заты бар жоғын анықтау ғой. Егерде қаннан анықталған жағдайда сіздерді автоматты түрде 15 күнге Сот үкімімен қамаласыздар. Бұл бір ма, екінші оқуларыңыздар айырыласыздар. Жалпақ тілмен айтқан кезде өмірлеріңізге балта шабылады.

 Мұнан соң, кинология саласының қызметкерлері білім алушыларға оқу ордасының ауласында иісшіл иттің қызметін көрсетті. Төрт аяқты сақшы студенттердің қалтасына жасырылған арнайы «есірткі» затын көп ойланбастан тауып алды.

 ЖАНЕРКЕ ПЕРНЕБЕК - СТУДЕНТ

 Жиын, көрсетілген бейнематериалдар бізге үлкен ой түсіндірді. Есірткі тасымалдау, закладчик деген, оңай ақша табудың жолдары адам өміріне үлкен қасірет әкелетінін түсіндік. Әсіресе біз секілді жастарға, жасөспірімдерге білместік жасау, білмей қалдым деген заңнан құтқармайды. Жалпы, бір сәттік қателік барлық ғұмырымызға кері әсерін тигізетінін түсіндік.

 Кәмелетке толмағандардың көбі есірткіні бір рет таратқанның өзі ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсінбейді. Ал есірткі таратушылар түрлі айлаға салып, жас буынның тағдырын талқандап жатыр. Сондықтан мамандар мұндай акциялар қылмыстың алдын алуға септігін тигізеді деп отыр. Әрі студенттердің құқықтық мәдениетті арта түспек.