#qyzylordatv
Шілденің екінші жексенбісі – балықшылар күні. Балық шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында сала мамандары арасында шағын футболдан турнир басталды. Дәстүрлі жарысқа жеті команда қатысып жатыр.
Кәсби мерекеге арналған дәстүрлі турнирге Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен салаға қарасты мекемелердің қызметкерлері қатысуда. Жарыстың басты мақсаты – қызметкерлер арасындағы ауызбіршілікті нығайтып, бұқаралық спортты дамыту.
ПАЗЫЛБЕК НӘЛІБАЕВ, АРАЛ-СЫРДАРИЯ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2017 жылдың қазан айынан бастап үкіметтің қаулысымен шілденің екінші жартысын балықшылар күні деп белгілеп қаулы шыққан болатын. Содан бері қарай мына біз осы шілденің екінші аптасын балықшылар күні деп әр жылы атап өтіп жатамыз. Сондықтан енді бүгінгі шарада барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Жарыс болғаннан кейін жеңіс те, жеңілісте болады. Мықтылар жетеді жеңіске, сондықтан жеңіс, сәттілік тілеймін.
ҒАДЫРХАН ШӨКЕНОВ, ҚАТЫСУШЫ
Бүгін бірінші рет қатысып отырмын турнирге. Осы питомникке кіргеніме 1 жылдай уақыт боп қалды.Спортқа қатысушыларға барлығына сәттілік. Осы турнирге келгендегі басты мақсатымыз – жүлделі орын алу, бірінші орынмен қайту.