#qyzylordatv 

 Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады. Бақылау барысында талапқа сай келмейтін өнімдер анықталды.


Алты ай ішінде департамент мамандары 80 мемлекеттік бақылау жүргізді. Оның 65-інде заң талаптарының бұзылуы анықталып, тиісті нұсқамалар берілді. Ал әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 670 мың теңгеден асты.

Талаптарға сәйкес келмеген "Келін шай", "Әл-Хаят" шайы және "Петропавлское" ультрапастерленген сүт өнімдерінің сәйкестік декларацияның күші жойылды. Ал "Мозырсоль" ас тұзы, «Choco Pie» печеньесі және Fariman ашытқысының мемлекеттік тілдегі таңбалануы талапқа сай болмағаны анықталды.

Мамандар жанар-жағармай мен автомобиль сұйықтықтарының сапасына ерекше назар аударды. АИ-95-К4 бензині октан көрсеткіші бойынша және 2 түрлі антифриз «Valvoline Extreme» және «Valvoline Extra» мұздатқыш сұйықтықтары өнімдері таңбалануы бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталып, өнімдерді айналыстан алу туралы қаулы қабылданды. Техникалық регламент талаптарына сай емес 2 өнім сатудан алынып тасталды. 


 БАУЫРЖАН ҚАРСАҚБАЕВ – ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ, ӘДЕП МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ

 Департаментпен 2026 жылдың 1 жартыжылдығы кезеңінде мемлекеттік қадағалау және бақылау функциясына сай барлығы 80 мемлекеттік бақылау тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 65 тексеруде бұзушылықтар анықталып, бұл осы тексерулердің 81,0 пайызын құрады. Нақтылағанда, жоспардан тыс 3, құқық қорғау органдарының 1, бару арқылы профилактикалық бақылау 17, бармай профилактикалық бақылау бойынша 59 тексеру жүргізілді.