#qyzylordatv 

Сайлау – елдің даму бағытын айқындайтын маңызды саяси үдеріс. Заңға сәйкес, кәмелет жасқа толған әрбір азаматтың сайлауға қатысуға және заңда белгіленген талаптарға сәйкес сайлануға құқығы бар. 


 Мамандардың айтуынша, әрбір берілген дауыс тек сайлау нәтижесіне ғана емес, елдің болашағы мен әр азаматтың өміріне ықпал ететін маңызды шешім. Сондықтан сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің және қоғам өміріне белсенді араласудың көрінісі. 


  РАУАН ҚАЛИЕВ, ЗАҢГЕР

Азаматтар осы құқықты жүзеге асыру арқылы мемлекеттің ісіне, мемлекеттің бағытына, даму үрдісіне - осының бәріне ықпал ете алады. Жалпы, бұл сайлау құқығын мемлекет толықпен бұны жүзеге асыруға кепіл береді. Әр адам, әр азамат, 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы толық түрде сайлау құқығын қолдана алады.