#qyzylordatv 

Жаңа Конституциядағы бастамалар инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. 


Жиында Үкімет пен халықаралық бизнес өкілдерінің әріптестігін күшейту, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды. Премьер-министр жаңа Конституция мен жүргізіліп жатқан реформалар елдегі құқықтық тұрақтылықты нығайтатынын айтты. Үкімет сонымен қатар цифрлық трансформацияны жеделдетіп, инвесторлармен ашық әрі ұзақмерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. 


 ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

 Конституциялық Сот нақты әрі дәл түсіндіріп берді. Бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, яғни биылғы 1 шілдеден бастап тиісті лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған тұлғаларға ғана қолданылады. Құқықтық айқындылықтың қамтамасыз етілуі ішкі және сыртқы аудиторияны толғандырған бірқатар мәселені күн тәртібінен алып тастайды. Менің ойымша, бұл саяси-құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығына ерекше мән беретін инвесторлар үшін де игілікті қадам болып отыр.