#qyzylordatv #заңментәртіп 

Өңірде қылмыс деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға төмендеді. Әсіресе, тонау, бопсалау, мал ұрлығы секілді келеңсіздіктер азайған. Бұл туралы облыс прокуроры Ризабек Ожаров брифинг барысында хабарлады.


Бұл профилактикалық жұмыстардың ширағанын аңғартады. Мәселен, қазір есепте тұрған 1500-ден астам азаматты мобильді топтар бақылауға алған. Қылмыс деңгейін азайтуда жаңа технологиялардың да көмегі зор, деді облыс прокуроры. Қазір аймақта қылмыстық процесті цифрландыруға арналған «Tergeu pro» жүйесін енгізу жүзеге асырылуда. Бұл адами факторды азайтып, заң үстемдігін нығайтуға арналған бірден-бір қадам. Жалпы, есепті кезеңде прокуратура органдары 28 рет тексеріс жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, 266 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды.  


 РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ   

Қабылданған шаралар нәтижесінде аса ауыр қылмыстар 5 пайызға, қорқытып алушылық 80 пайызға, ұрлық 34 пайызға және бұзақылық 48 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, алаяқтық қылмыстарды анықтау көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы республикада алғашқы бестіктің қатарына қосылды...