#qyzylordatv 

Жаңа Конституцияда «Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгiленген медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқылы» деп анық көрсетілген. Мамандардың айтуынша, осы жылдан бастап онкологиялық скринингтерге бірқатар өзгерістер енгізілді.


Скрининг – ауруды ерте сатыда анықтау үшін азаматтарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу. Яғни, скрининг арқылы тегін тексеріліп, көптеген дерттің алдын алуға болады. Бүгінде онкологиялық скринингтен өту арқылы ауруды ерте сатысында анықтау деңгейі жоғарылады, дейді мамандар. 


 РАУШАН МАНАТҚЫЗЫ – №6 ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  

Онкологиялық скринингтерге бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтатын болсақ, мәртебесіне қарамастан қолжетімділігі деген сөз, барлық сақтандырылған азаматтар онкологиялық скринингтен ақысыз өте алады. Атап айтқанда, жатыр мойын қатерлі ісігі, сүт безі қатерлі ісігі, тік ішек және тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алу бойынша сақтандырылған азамат пен азаматшалар ақысыз өтеді. Ер азаматтар арасындағы аурулар бойынша скринингтік бағдарлама іске қосылды. Яғни 50 жастан асқан ер азаматтардың қан айналым жүйесінің ауруының алдын алу және тамырларды ультрадыбыстық тексерулерден


 Қазір тұрғындардың скринингтік тексеруден өту жасы 70-тен 76 жасқа дейін ұлғайды. Тегін медициналық көмектің игілігін көрген жанның бірі – қала тұрғыны Асылбек Ахметияұлы.


 АСЫЛБЕК АХМЕТИЯҰЛЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 Конституцияның заңнамасына сәйкес өзіміздің аймақтық бөлімшелер жыл сайын шақырып, өзімізді тексерістен өткізіп тұрады. Биылдыққа жаңа өтіп шығып тұрмын. Кеше барып холестерин анализ, қанымызды алды. Одан флюраға түсіріп. Жылда аймақтық, жергілікті қызметтері жақсы бұл клиникамыздың.


Жалпы жыл басынан бері №6 емханада 21 мыңнан астам адам скринингтен өткен.