#qyzylordatv 

Ұялы телефонның экранына бір ғана саусақпен өлең жазу. Ауырсынуды жеңіп, әр әріпті дені сау адамның өзін таңғалдыратын жылдамдықпен теру. Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылының тұрғыны Нұрмұхаммед Әбілқасым шынайы талант пен өмірге деген құштарлыққа еш нәрсе кедергі болмайтынын дәлелдеп келеді. Арбаға таңылған ақын кітап шығарып қана қоймай, іскер азамат ретінде де, қамқор әке ретінде де өзін мойындатып үлгерген. Сабырымен талай сынақты еңсерген жан туралы келесі бейнематериалымызда.