#qyzylordatv 

Қызылорда қаласы және оған қарасты елді мекендерде электр энергиясының құны 16,7 пайызға қымбаттауы мүмкін. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының хабарлауынша биыл энергия өндіруші компаниялардың тарифі едәуір қымбаттаған. Сондай-ақ, тасымалдаушы мекемелердің де қызмет бағасы біркелкі болмай тұр.


Әзірге облыс орталығында 1 кВт электр энергиясының орташа бағасы 28 теңге 30 тиын. Енді энергиямен жабдықтаушы мекеме тарифті 33 теңге 3 тиынға көтеруді ұсынып отыр. Осыған байланысты облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті үкіметтік емес ұйым өкілдері және депутаттардың қатысуымен жария тыңдау өткізді. Департамент мамандары Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының ұсынысы ішінара ғана орындалуы мүмкін дейді. Яғни, барлық талаптар жан-жақты зерделенеді. Соңғы шешім қажетті құжаттар алынғаннан кейін қабылданады. 

Айта кетейік, аталмыш компанияның 200 мыңнан астам тұтынушысы бар. Олар облыс орталығы мен қалаға қарасты елді мекендерді электр энергиясымен қамту қызметін атқарып келеді. 


 ЗУРА САРДАРБЕК – ОБЛЫС БОЙЫНША ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Облыс бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментіне қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы электрмен жабдықтау қызметінің бағасының алдағы уақытта өсуі туралы хабарлама беріп,, ұсынды. Электр бағасының өсуі жөнінде 17 пайызға ол 28,30 теңгеден 33,03 теңгеге өсетіні жөнінде хабарланды. Бұл нақты толық шешім емес. Департамент бұл бағаны қарайды, саралайды. Жария тыңдау өткізу барысында талқыға алынып, бағаның негізділігі қаралады. Пікірлер ескерілетін болады. Нарық субъектісінің шығындарын ескере отырып, халықтың жағдайын екере отырып тиісті шешім қабылдайды. Бағаның өсуіне негіз болған себептер ол электр энергиясын өндірушінің бағасының өсуі, қызметкерлердің жалақысы және басқа да шығындар бағаның өсуіне негіз болып табылып отыр.