#qyzylordatv #заңментәртіп 

Республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Қызылордалық полицейлер екі күнде 622 құқықбұзушылықты анықтады. 


Соның ішінде, мас күйінде көлік басқарудың 6 фактісі болса, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 161 дерегі тіркелген. Бұдан бөлек, жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзу, мемлекеттік белгісін тақпау, көлік басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын пайдалану сынды заңбұшулықтар бар. 

Айта кетейік, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы 16-шы шілдеге дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылауды күшейтіп, құқық бұзушыларға заң талаптарына сәйкес шара қолданатын болады.