#qyzylordatv 

XV республикалық Құран Кәрім байқауына қатысатын үміткерлер белгілі болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған аймақтық іріктеу сайысында үздік шыққан қарилар республикалық кезеңге жолдама алды.


 ҚМДБ ұйымдастырған аймақтық іріктеу сайысы Құран Кәрімді толықтай, 20 және 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу аталымдары бойынша өтті. Сайысқа еліміздің бірқатар өңірі мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген 60 қари қатысты. 

   Қазылар алқасы қатысушылардың жатқа айту шеберлігіне, тәжуид қағидаларын сақтауына және оқу мәнеріне баға берді.


ДАСТАН ҚҰРМАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫ 

ҚМДБ жыл сайын құран жарысын өткізеді республикалық құран жарысын 14 рет өткізген. Биыл қыркүйек айында Ақтөбе облысында өтеді. Біз енді соған іріктеу сайысын өткізіп жатырмыз. Іріктеу сайысынан өткен жеңімпаздар бірінші орын алған жеңімпаздар республикалық құран жарысын жолдама алып, осы біздің облысымыздың атынан құран жарысына қатысатын болады.


 Қазылар алқасының шешімімен төрт аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Бірінші орын алған қариларға республикалық кезеңге жолдама бұйырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сайыстар жас қарилардың білімін шыңдап, шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.


 СЕРІК АХМЕТ, ҚМДБ ҚҰРАН СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ  

Қазіргі таңда ҚМДБ тарапынан қарилар алқасы құрылды және осы құран секторы бағыты бойынша үлкен бағытта жұмыстар жасалып жатыр. Оның үстіне бізде 15 қарилық құран жаттау орталықтарымыз бар 900-ға жуық қариларымыз құран жаттап жатыр. Елімізде жас буын қариларымыздың да саны өсіп келе жатыр.


 Қатысушылар үшін бұл сайыс өз білімін сынап, тәжірибе жинауға мүмкіндік болды. Солардың бірі Ерәлі Мықынбаев Құранды жеті жасынан үйреніп бастаған.


 ЕРӘЛИ МЫҚЫНБАЕВ, ҚАТЫСУШЫ 

Осы уақытқа дейін мен қаншама жарыстарға шықтым. Мен құранды 7 жасымнан бастап оқығанмын. Құранның үйренуіме ата-анам айтқан. Мен болашақта ұстаз болғым келеді. 01:58 Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін.


Айта кетейік, XV республикалық Құран Кәрім байқауы қыркүйек айында Ақтөбе облысында өтеді.