#qyzylordatv
«Қызылорда ашық университеті» мен «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» бітіруші түлектерге диплом табыстады. Төрт жыл білім нәрімен сусындаған студенттер, енді еңбекке екпін бермек. Салтанатты шарадан тілшіміз тарқатады.
Биыл Қызылорда ашық университетін 1186 студент тәмамдап отыр. Оқу ордасында 25 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланады. Университет түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Олардың жұмысқа орналасу көрсеткіші 90 пайызға таяу.
ҚЫЛЫШБАЙ БИСЕНОВ – ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуда көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінде жоғары оқу орны бакалавриаттың 25 білім беру бағдарламасы бойынша ҚР ғылым және жоғарғы білім министрлігінің лицензиясына сәйкес білім беру қызметін жүргізеді...
Салтанатты шарада университет түлектерімен қатар, «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің бітіруші түлектеріне де диплом табысталды. Мерейлі сәтте 132 жас маман атанып, үлкен өмірге қадам басып отыр.
МЕДЕТ БАҚЫТЖАН – ЖАС ТҮЛЕК
Мен Қызылорда ашық университетінің информатика білім беру мамандығының түлегімін. Мен үшін бүгін ерекше күн. Осы университеттің түлегі атану мен үшін абырой. Мен осы оқу орнынан тек қана білім емес, саналы тәрбие және мақсатқа жету жолын үйрендім
АҚМАНАТ ҚАЮПОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Менің ұлым осы университетте 4 жыл бойы білім алды. Ұстаздарына көп рақмет. Келешекте жақсы маман иесі боларына сенімдімін
Бүгінде университет пен колледж қабырғасында 5500-ден астам студент білім алуда. Білім ошағы Ресей, Оңтүстік Корея, Түркияның жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Сондай-ақ, білікті кадрлар тарту ісіне басымдық береді.
АЙГҮЛ ӘЛІБЕКОВА – ҚЫЗЫЛОРДА АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
Оқытушылар құрамына тоқталатын болсақ, 140 профессор оқытушыдан құралған ашық университеті. Оның ішінде 7 доктор 52 кандидат, 50-ден астам магистрлер дәріс береді. Қазіргі таңда жасанды интеллект және инновациялық дамыту бағытында осы жаңа оқу ғимараты бой көтеріп, пайдалануға беріліп отыр.
Салтанатты шарада үздік түлектерге арнайы алғыс хаттар да табысталды. Осылайша, жүздеген жас бір белесті артқа тастап, жаңа өмірге қадам басты.