#qyzylordatv
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, егіс алқаптарын аралады. «Харвест Агро» компаниясының агроөнеркәсіптік кластер жобасының қазіргі жай-күйімен танысты. Жоба техникалық қарасора, жүгері соя өсіру және оларды қайта өңдеуге бағытталған.
Жобаға Қаракеткен ауылдық округінен 22,5 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Оның 5 мың гектарына жүгері, 2 мың гектарына мақсары егілген. Қазір мұнда 142 жаңбырлатып суару қондырғысы жұмыс істейді. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін жылына 60 мың тоннаға дейін техникалық қарасора, 70 мың тонна жүгері және 20 мың тонна соя өңделетін болады. Өндірілген өнім ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, шет елдерге де экспортталады. Қазір 26,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 100 тұрақты жұмыс орны құрылған. Егіске және өндірістік жұмыстарға 50 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, жер көлемін, су пайдалану лимитін ұлғайту, жаңбырлатып суару жүйесін енгізу, электр желісін тарту және жоба-сметалық құжаттарды әзірлеу қолға алынған.