#qyzylordatv
«Байқоңыр» ғарыш айлағы кезекті пилотты ұшырылымға дайындалуда. «Союз МС-29» кемесі ертең сағат 19-дан 43 минут кеткенде көкке самғайды деп жоспарланған. Тарихи сәтті тамашалауға құрметті қонақтар келді. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев делегация өкілдерін «Қорқыт ата» халықаралық әуежайында қарсы алды.
Меймандардың қатарында NASA әкімшісі Джаред Айзекман мен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули М. Стаффт бар.
Айта кетейік, «Союз МС-29» ғарыш кемесінің экипажы Халықаралық ғарыш станциясына жаңа экспедицияны жеткізіп, қазіргі экипажды алмастырады. Сондай-ақ салмақсыздық жағдайында ғылыми және медициналық зерттеулер жүргізіп, станцияға техникалық қызмет көрсету бойынша бірқатар жұмыстарды орындайды.