#qyzylordatv
Әлеуметтік желіде көпшіліктің ықыласын тудырған ерекше видео тарады. Аптап ыстықта төтеншеліктер бірқатар көше мен ойын алаңына жаңбырлатып су бүркіп, тұрғындарды сергітіп өтті.
Ал, бүлдіршіндер «жасанды жаңбырға» шаттанып, рахаттанып, көңілі көтеріліп қалды. Бұл әуесқой түсірілім расында көпшілікті еріксіз қуантуда. Өрт сөндіру автоцистерналарымен қаланы аралаған мамандар ата-аналарға және балаларға қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Тіпті балмұздақ таратып, сергіту ойындарын ұйымдастырды.
Ми қайнатар ыстық әлі де сақталады. Күннің күрт ысуына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді. Қазіргі таңда «Қызылорда тазалығы», «Су жүйесі», «Автобус паркі», қалалық электр тарату орталығы, сондай-ақ жауапты мердігер мекемелер жұмыстарын үзіліссіз атқаруда.