#qyzylordatv 

Арал ауданындағы Қамбаш көлі табиғаттың таңғажайып тартуы. Ерекше табиғаты мен минералға бай суының арқасында бұл өлке экотуризмді сүйетіндер үшін таптырмас мекенге айналып келеді. Қамбаштың шипалы суына шомылып, құмына қыздырынғысы келетіндер саны да артқан. «Геопарк Арал» жобасындағы маңызды туристік нысан туралы тілшіміз тарқатып айтады.


 ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ 

Аралдың Қамбашы Қырғызстанның Ыстықкөлінен еш кем емес. Себебі, көлдің суы мөлдір, тұзды әрі шипалы. Сондықтан мұнда келіп демалатын тұрғындар көп. Тіпті, шетелдіктерде суға түсіп, құмға қыздырынып жағажайдан жанына жылулық іздейді\


 Көзін тапсаң, туризмнің пайдасы көл-көсір. Аққұмшық жағажайында қазір 23 кәсіпкер жұмыс істейді. Демалушылардың сөзінше қызмет сапасы жақсы. Тұрғын үйлер, тамақтанатын орындар, бассейн, әжетханаға дейін қарастырылған. Тұрғындардың қауіпсіздігі де басты назарда. 


АЛТЫНБЕК БАЛМЫРЗАЕВ, «АҚҚҰМШЫҚ» ЖАҒАЖАЙЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

Арнайы мамандар қарастырылған. Медпункт, МЧС бар. Сегіз құтқарушымыз бар. Жағажайдың тазалығы өзіміздің мойнымызда күнделікті азанда, кешке 10 тоннаға жуық қалдық шығады. Арнайы полигонға апарып тастаймыз\


 Қамбаш көліне өткен жылы 150 мыңға жуық адам келіп, суға түскен. Демалушылардың саны биыл мұнанда көп,-дейді жағажай басшылығы. Себебі, жыл өткен сайын халықтың талабына сәйкес қызмет көрсету сапасы да жақсарып келеді. 


ҮСЕНӘЛИ ЖАНТУҒАНҰЛЫ, КӘСІПКЕР 

2015 жылдан бастап кәсіптеміз. Жаңадан үйлер салып, бассейндер салып, халыққа ұнайтындай етіп кондиционерімен. Келушілер қазіргі таңда жақсы. Арал, Қазалы ғана емес басқа елдерден де келеді....


 АЛТЫНБЕК БАЛМЫРЗАЕВ, «АҚҚҰМШЫҚ» ЖАҒАЖАЙЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

Бір айдың өзінде жүзге жуық шетелдік келіп демалып, рақметін айтып жатыр. Енді күніне шамамен алтыншы, демалыс күндері 2-3 мыңға дейін адам келеді. Басқа күндері мыңға жуық адам күнделікті демалуда. Маусымсдық кезең 2-3 ай жұмыс істейтін. Суының өзі емдік қасиеті бар. Демалушылар соған бола келеді. Ағын су тұрмайды, сасып кетпейді. Алдағы уақытта осы жерді дамытамыз. Туристік орталықа айналады деген ойдамыз\  


 Қамбаш көлі «Геопарк Арал» жобасындағы маңызды туристік нысандардың тізіміне енген. Жергілікті әкімдік пен «Халықаралық Аралды құтқару қоры» сондықтан алдағы уақытта жағажайдың инфрақұрылымын мұнан әрі жақсартып, экотуризмді дамытуға жұмыс жасап жатыр.