#qyzylordatv #заңментәртіп 

Аймақта «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Полицейлер жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобустарды, шағын автобустарды, такси қызметін көрсететін автокөліктерді, сондай-ақ жүк тасымалдаумен айналысатын көлік құралдарын күшейтілген тәртіпте тексеруде. 


Жолаушы тасымалымен айналысатын көліктерді тексеру барысында соңғы екі күннің өзінде 353 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.Оның ішінде масаң күйде көлік басқарудың - 1, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың 37 дерегі бар. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе масаң күйде болудың 12 фактісі тіркелген. 

 Жалпы жолаушылар қауіпсіздігі ең алдымен тасымалдаушылардың тәртібі мен жауапкершілігіне байланысты. Осы бағыттағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.