#qyzylordatv 

Аймақ тұрғындары Құрылтай сайлауы кезінде өз учаскесін онлайн платформа арқылы оңай таба алады. Ол үшін облыстың аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті әкімдікпен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. 


 Сервис «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» деп аталады. Онлайн платформа 3 бағытта жұмыс істейді. Алғашқысы – saylau.orda.gov.kz сайты. Мұнда сайлаушылар өзін табу жолағына ЖСН енгізе отырып, тіркелген жері бойынша дауыс беру учаскесін таба алады. Сайт автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, оның мекенжайын, байланыс телефонын және комиссия құрамын көрсетеді. Осы тетік арқылы сайлаушылар өз учаскесіне бару сызбасын да біле алады. Сондай-ақ, жұртышылық дәл осы платформада жасанды интеллект көмегіне де жүгіне алады. Айта кетейк, өңірде 386 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Онда 2720 комиссия мүшесі қызмет атқармақ.