Негізгі Жаңалықтар Өңірдің экономикалық әлеуеті артқан

Өңірдің экономикалық әлеуеті артқан

#qyzylordatv 

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін байқалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары айтты.


 АЙБЕК ӘБІЛДАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

 2026 жылдың қаңтар-наурызы бойынша облыстың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 631,4 млрд.теңге құрап, 2025 жылдың қаңтар-наурызбен салыстырғанда 5,0% өсті. Өнеркәсіп саласы бойынша, өндіріс көлемі қолданыстағы бағамен 560,7 млрд.теңгені құрап, 2,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі бойынша 215 млрд.теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға өсті. Оның ішінде, тамақ өнімдерін өндіру 11,3%-ға, мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі 18,6%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісі 24,8%-ға, өзге де бейметалл минеральдық өнімдер өндірісі 1,5 есе, металлургия өндірісі 6,0%-ға және машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнатуы 9,9%-ға өсті. 


 Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі біршама артқан. Сондай-ақ, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласында да оң динамика байқалады. 

Және бір қызықты дерек, қалаға қарағанда ауыл халқының саны артып келеді. Жалпы соңғы он жылда Сыр халқы 82 мың адамға көбейген.   


Бөлісу

Аймақтық телеарналар