#qyzylordatv
Тамыз айының алғашқы жексенбісі теміржолшылардың кәсіби мерекесі. Осыған орай облыс орталығында салтанатты шара өтті.
Сыр өңірі халықаралық транзиттік дәліздің торабында орналасқан. Облыс аумағынан 15 жолаушылар және жүк пойызы қатынайды. Яғни, күніне мыңдаған жолаушы мен тонналаған жүк тасымалданады. Жолаушылардың діттеген жеріне аман есен жетуі үшін теміржолшылар уақытпен санаспай, күннің ыстық, суығына қарамай еңбек етіп жүр. Салатанатты шарада облыс әкімі шойын жолда шыңдалған азаматтарға алғысын білдіріп, құрмет көрсетті.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ
Теміржол - ең алдымен, жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіпті талап ететін сала. Бүгінде аймағымызда теміржол саласында
7 мыңнан астам маман аянбай еңбек етуде. Күннің ыстығы мен қыстың аязына қарамастан, болат жолдың бойында үздіксіз қызмет етіп жүрген әрбір қызметкердің еңбегі зор құрметке лайық. Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін барша Сыр халқының атынан шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, жауапты да мәртебелі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
Теміржол саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара туралы алдағы шығарылымда тарқатып айтатын боламыз!