#qyzylordatv
Өңірде тар буынды медицина мамандары тапшы. Сондай-ақ аудандық, ауылдық емханаларда учаскелік дәрігерлер жетіспейді.
Осыған байланысты жергілікті бюджет есебінен аса қажетті медициналық мамандықтар бойынша 197 резидент, «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша 190 білім беру гранты бөлініп отыр. Сонымен қатар, соңғы екі жылда елді мекендерге барған 14 жас маманға 8,5 млн теңгеден біржолғы жәрдемақы төленді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өзге өңірлерден қызметке келемін деген білікті мамандарға да жайлы жағдай жасалатынын айтады.
АЛМАС ӘБІЛПАТТА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қазір бізде аудандарда акушер-гинекологтардың тапшылығы бар, емханаларда балалар хирургы жетіспейді, тар буынды мамандардан УЗИ түсіретін дәрігерлер тапшылығы анықталуда, аса көңіл бөлетін бұл - аймақтық дәрігерлердің тапшылығы......