#qyzylordatv 

Келесі сюжетіміздің кейіпкері де – теміржолшы. Қызылорда станциясында қызмет ететін Қуаныш Бегалиев қызығы мен қиындығы қатар жүретін кәсібі туралы аз-кем айтып берді.


Қуаныш Бегалиев – 15 жылдан бері шойын жолда шыңдалған маман. Теміржолшылар отбасынан шыққан оның бала күнгі арманы да пойызбен байланысты еді. Бүгінде ол мыңдаған адамның сенімін арқалап, дәлдік пен үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс атқарады. Өз кезекшілігінде пойыз қозғалысын қадағалап, қабылдап, жөнелтумен қатар, құжаттарды реттейді. Теміржолда темірдей тәртіп керек дейді ол.


 ҚУАНЫШ БЕГАЛИЕВ – СТАНЦИЯ КЕЗЕКШІСІ

 Әкем, атам да теміржолдан шыққан. Соның жолын қуып келе жатырмыз. 12 жыл парк кезекшісі бойынша жұмыс істедім. Үш жыл болды станция кезекшісімін. Жұмысты айтқанда, бүкіл станцияның жұмысын пассажир, грузовой жұмыстарды қабылдаймыз. Бізде жұмыс 12 сағаттық. Күндіз 12, түнде 12 сағат. 48 сағат демаламыз.+Қызылордаға келетін, шығатын пойыздың бәрін өзіміз ұйымдастырып, қабылдап, шығарып саламыз. 


АЛТЫНБЕК СЕРІКҰЛЫ – СТАНЦИЯ КЕЗЕКШІСІ

Екеуміз осы станцияда 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатырмыз. Ол парк кезекшісі болды, мен пойыз құрастырушы болып бірге бастадық. Қазір екеуміз де станция кезекшісі болып жұмыс істейміз. Өте жақсы жігіт, жұмысына адал.


 Қызылорда станциясы – аймақтағы ең үлкен теміржол торабы. Мұнда пойыздардың межелі жерге жетуін мүлтіксіз қадағалап, асқан сақтықпен қызмет атқаратын мамандардың еңбегі зор.


 ҒАЛЫМЖАН ШОЛАНОВ – СТАНЦИЯ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Теміржол экономикамыз күретамыр болғаннан кейін Қызылорда станциясы облысымыздағы үлкен станциялардың бірі. Айрықша орын алатын, өзіндік жұмысы бар. Пойыздарды қабылдап, оларға қызмет көрсету, багаждарды өңдеу, жолаушыларды отырғызу жұмыстары жүргізіледі. +Станцияда жалпы 60 тан астам жұмысшы бар.Олардың барлығы пойыздарды қабылдап, жөнелту және сұрыптау жұмыстарын атқарады.


 Қуаныш Бегалиев қазір үш баланың әкесі. 12 сағаттық жауапты жұмыстан соң кейіпкеріміз отбасына асығады. Иә, ол қай кезде де еңбек десе елгезектік танытып, жауапкершілікті жоғары қоятын маман. Ал осындай жұмысшылардың арқасында теміржол қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, елге күн-түн демей қызмет етіп келеді.