Негізгі Жаңалықтар Жеті мыңға жуық жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

Жеті мыңға жуық жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

#qyzylordatv 

Біздің облыста 7 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылыпты. Әрине, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін. Сондықтан қауіпсіздікке салғырт қарамай, ережені қатаң сақтау ең әуелі өз өміріңіз бен денсаулығыңыз үшін маңызды, - дейді полиция өкілдері


 Жол-көлік оқиғаларының орын алуына жаяу жүргіншілердің ережені сақтамауы да себеп болады. Яғни, белгіленбеген жерден өту, жүргіншілер өткелін пайдаланбай кез-келген жерден кесу деректері аз емес. Облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығы жыл басынан бері жол ережесін бұзған 7 мыңға жуық жаяу жүргіншіні анықтапты. 

Аталған құқықбұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, кінәлілер жауапкершілікке тартылды. «Жолды кез-келген жерден кесіп өте салам, ешкім көріп тұрған жоқ» деп шолақ ойламаңыз, басқару орталығындағы камералар бәрін қадағалап отыр. Сондықтан мұқият болған абзал. Әрине, көлік жүргізушілері де жылдамдық режимін сақтағандары жөн. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар