Мектеп бағдарламасына бірнеше жаңа пән енгізілді
#qyzylordatv
Университтердегі оқу мерзімі қысқаруы мүмкін. Жауапты министрдің сөзінше, кейбір мамандықтар үшін 4 жыл оқу тым ұзақ. Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап оқушылар ЖИ-мен жұмыс істеуді, оны қауіпсіз әрі сауатты қолдануды үйренбек. Мектеп бағдарламасына тағы бірнеше пән енгізіледі. Мемлекеттің негізі саналатын салада қандай ауқымды өзгерістер бар? Білім ошақтары қыркүйекке қаншалықты дайын?
Биыл мектепке 4,1 миллионға жуық оқушы барады. Соның 380 мыңы алтын ұяның табалдырығын алғаш рет аттамақ. Жаңа оқу жылынан бастап 5–7 сыныптарға «Конституция негіздері», 8–11 сыныптарға «Заң және тәртіп», 5–11 сыныптарға «Жеке қауіпсіздік» пәндері енгізіледі. Ал «Құқық негіздері» барлық оқушыға міндетті болады. ЖИ-ді мектеп бағдарламасына енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асады.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 шағын жинақты мектепте жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында пилоттық жоба іске қосылады.Жалпы, пилоттық кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды. Жоба 2029 жылға дейін барлық 2 600 шағын жинақты мектепке масштабталады.