Үкімет бекіткен межелі міндет
#qyzylordatv
Бүгін премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында мемлекет басшысының жолдауын іске асыру жайы таразыланды. Сондай-ақ, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері де сөз болды.
Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы президент жолдауын іске асырудың өңірлік жоспарын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Яғни, облыстық экономика және қаржы басқармасы оныншы қарашаға дейін барлық тапсырманы қамтитын өңірлік жоспар әзірлеуі тиіс. Мұнан соң жиында халықты сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жайы таразыланды. Айта кетерлігі, биыл диспансерлік есепте тұрған азаматтарды тегін дәрілік заттармен қамтуға республикалық және жергілікті бюджеттен 12 млрд, 900 миллион теңге қаржы жұмсалған. Жиында аймақ басшысы тиісті қаражат мақсатты жұмсалуы қажеттігін қатаң ескертіп, сала жетекшісінің есебін тыңдады.