Негізгі Жаңалықтар Кадрлық өзгерістер

Кадрлық өзгерістер

#qyzylordatv 

Өңірдегі бірқатар департамент құрылымдарында кадрлық өзгерістер орын алды.

Қайта құрылымдаудан өткен облыстық медициналық бақылау департаментіне де жаңа басшы тағайындалды. Аталмыш сала тізгіні Жанерке Жақсылыққа сеніп тапсырылып отыр. Медицина саласында және бір кадрлық өзгеріс. Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры төрағасының бұйрығына сәйкес, қордың облыстық филиалы директоры қызметіне Сапар Рахменшеев тағайындалды. Ол 2018 жылдан бүгінге дейін Алматы қаласындағы психикалық денсаулық орталығының директоры қызметін атқарып келді. Сапар Құттыбайұлына міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысын өңірде тиімді жүзеге асыру тапсырылды. Ал энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен аталған комитеттің облыс бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымына Берден Оспан тағайындалды. Еңбек жолын 2018 жылы Алматы қаласы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маман болып бастаған ол энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Бөлісу