Жолдау: Президент жолдардың сапалы салынуын қамтамасыз ету міндетін қойды
#qyzylordatv
Президент жаңа жолдауда республикалық және жергілікті маңызы бар барлық жолдардың сапалы салынуын қамтамасыз ету міндетін қойды. Мемлекет басшысы «Еліміздегі республикалық және әкімдіктердің қарауындағы жергілікті жолдарға қатысты барлық мәселемен Үкімет, соның ішінде Көлік министрлігі айналысуға тиіс», – деп тапсырды.
Бұл – стратегиялық мақсат. Еліміз арқылы тасымалданатын жүк көлемі жыл сайын артып келеді. Сондықтан жол инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру міндеті басым бағыт болып қала береді. Президент аталған жолдардағы құрылыс жұмыстарының жоғары сапалы орындалуына ерекше назар аударды.
Қазіргі таңда Қызылорда айналма жолы мен «Қызылорда – Сексеуіл» тас жолы қатар салынып жатыр. Бұл екі жобаның жалпы құны 281,8 миллиард теңгені құрайды. Екі жобаны да 2029 жылға қарай аяқтау жоспарланған, ал оларды қаржыландыруды Ислам даму банкі жүзеге асыруда.
«ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы өз кезегінде жол құрылысы стандарттарын қайта қарау және ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылау мәселелеріне тоқталды.