Әскери өмірге қадам басқалы тұрған Сырдың серілері тағзым алаңында сап түзеп, ерлік пен елдіктің туын жықпаған майдангерлердің рухына тәу етті. Қарулы күштер қатарына алынғандардың бірі қазалылық Мұрат Серікбай. Ол Отан қорғау әрбір ер жігіттің парызы деп біледі. Енді міне, 19 жастағы бозбала балалықпен қоштасып, ел қорғаны атанғанын мақтан етеді.
Мұрат Серікбай – жас сарбаз
Жалпы күзгі әскерге шақыру науқанында 900 қызылордалық жас еліміздің әскери құрылымдарын толықтырады деп жоспарлануда. Бұл жолғы лекпен Алматыдағы Мемлекеттік күзетке және Аягөз қаласындағы танк бригадасына жас сарбаздар іріктеліп алынды. Ал ел ағалары Сыр бойынан аттанған ел қорғандарына ақ жол тілеп, қазақ әскерінің айбынын асқақта түсетініне сенім білдірді.
Руслан Рүстемов – облыс әкімінің орынбасары
Самат Қапашев - №10810 әскери бөлімінің батальон командирі
Бүгінгі бозбала алдағы бір жылда әскери өмір мектебінен шыңдалып, нағыз ер жігітке тән қасиеттерді бойына сіңіреді. Баласын әскерге шығарып салған ата-аналар үшін де бұл мерзім сындарлы кезең болмақ.
Лиза Баекешева – Қазалы ауданының тұрғыны Салтанатты шара барысында барлаушылар полкінің сарбаздары әскери жекпе-жектен көрініс қойып, жастарды рухтандырып, жігерлендіре түсті.
Ә.Жақанов