Қазалы ауданаралық ауруханасына заманауи жабдықтар орнатылып, ақ халаттылар арнайы білім алды. Дәрігерлер 3 ауданмен қоса Байқоңыр қаласының науқастарына қызмет көрсете алады. Бұрын елді мекен тұрғындары 450 шақырым жердегі облыс орталығына санавиациямен жеткізілетін. Енді қазалылық дәрігерлер жүрек пен миға ота жасамақ.

Басықара ауылының тұрғыны Қуандық Нұрбаевтың ақ халаттыларға алғысы шексіз. Оған ауыл дәрігерлері күрделі ота жасап, ажал аузынан аман алып қалған.

Қуандык Нұрбаев - Басықара ауылының тұрғыны

Бұрын ауыр халдегі науқасты аман алып қалу үшін қаладан санавиация шақырылатын. Енді жүрекке, миға және тамырларға күрделі операцияларды ауыл дәрігерлері өздері жасайды. Білікті мамандардың бірі- нейрохирург Кенесары Баспаев. Ол облыстық медицина орталығында сегіз ай арнайы білім алып, тағылымдамадан өткен.

Кенесары Баспаев - Қазалы ауданаралық ауруханасының нейрохирург дәрігері

Қазалы ауданаралық ауруханасында жүрек-қан тамырларына ота жасау үшін қажетті жабдықтардың барлығы бар. Дәрігер мамандар облыс орталығында қайта даярлау курстарын бітірген соң кадр мәселесі де оңтайлы шешімін тапқан.

Бақыткүл ӘЛІШЕВА - Қазалы ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

Ауданаралық аурухананың қызмет көрсету аумағы да кеңейді. Енді жергілікті тұрғындардан бөлек Арал, Қармақшы мен Байқоңыр қаласының науқастарын да қабылдайды.

Тәжімұрат Әлжанов