#qyzylordatv
Үкімет мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтып, тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторлармен шектеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында айтылды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында Президент Жарлығының орындалу барысы қаралды. Үкімет мүшелері орта бизнестің жалпы ішкі өнімге салымын ұлғайту бағытындағы жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ бәсекелестіктің дамуын тежейтін кедергілерді жою жайлы айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттің үлесі бар 475 кәсіпкерлік субьектіге қатысты шешім шығарылды. Оларды кезең-кезеңімен жекешелендіріп, біріктіреді немесе таратады. Бұл жұмыс 2030 жылға дейін жалғасады. Премьер-министр Жарлықтың белгіленген мерзімде жүзеге асыру керектігіне назар аударды.