#qyzylordatv

Достық үйінде татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Шараға бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары қатысып, бірлестіктің құрылу тарихы, мәдени мұрасы жайлы ақпарат алды.

 Татар этномәдени бірлестігі 1991 жылдың 27 –ші қаңтарында құрылған. Тәуелсіздікпен бірге түлеген бұл орталық осы жылдар ішінде өңіріміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келеді. Бірлестік төрайымы жас өрендерге орталықтағы құнды жәдігерлер, олардың ерекшелігі мен тарихи маңызы туралы айтып берді. Сондай-ақ, «Сабантуй» мерекесінің мән-мағынасына тоқталды. Айта кету керек, орталықтың ең басты мейрамы биыл 11 мамырда тойланады. Қазір мерекеге дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

 ГАЛИЯ ГИЗАТУЛЛИНА - ОБЛЫСТЫҚ ТАТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

//Аударма// Ең бірінші болып кішкентай бүлдіршіндер келіп, орталықтағы біз жасаған қолөнер бұйымдары мен картиналарды тамашалағанын, қызығушылықтарын көріп қатты қуандым.Менің ойымша, олардың кішкентай кезінде алған ақпараты мен көргені мәңгі есінде қалады. Одан соң мектеп оқушылары келді.Олармен де сөйлесіп, пікір алмастық. Жастарға орталығымыздың ұнағаны, ашық есік күні қызықты болғанына қуаныштымын.