#qyzylordatv

Өңірдегі емхана басшылары мен есепшілері тергеу изоляторына барды. Алда-жалда шалыс басып, жемқорлыққа жол берсе, қандай жерге келетінін көзбен көріп қайтты.

 Профилактикалық шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен өткізіліп отыр. Негізгі мақсат – жемқорлықты болдырмау. Экскурсия барысында қызметкерлер тергеу кабинетіне, тексеріп қарау бөлмесіне, кітапханаға және серуендеуге арналған алаңға барды. Тергеу мекемесінің жұмысымен танысқан медицина мамандары заң аясында қызмет жасаудың маңызын түсінді. Айта кетейік, осындай профилактикалық бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 ЖАНДОС ЖҮСІПӘЛИЕВ - ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ / Өздеріңізге белгілі, былтырлары білім беру ұйымдарында қаншама бюджет қаржысын жымқыру фактілері орын алды. Биыл енді денсаулық сақтау басқармасына қарасты емхана есепшілерін бас дәрігерлерін әкеліп, осы өмірмен таныстыру мақсатында жүргізіліп жатқан шараның бірі.